ТАҚЫРЫБЫ: ТЕМЕКІ ШЕГУ ӘЛДЕ ДЕНСАУЛЫҚ ?

Темекі шегу әлде денсаулық ? па таңдау Сізге ….. деп айтуға болады. Темекі шегуді тастау- оңай емес, бірақ іске асыруға болады.

Темекі шегуді тастауға тілек білдірушілерге нақты кенестерді айтайық:
1.- ден Темекі шегуді тастайтын күн жоспарлаңыз. Бұл ерекше күн болуы тиісті, сондықтан әдеттегі, әсіресе таңертеңгі қалыптасқан тәртіпті бұзуға болады.
2-ден Бұл күнге аса көп іс- шаралар мен тапсырмалар жоспарлаңыз, олар назарыңызды темекі шегуден аударады.
3-ден Егер темекі тартқыңыз келсе, өзіңізге алдын ала сәбіз, алма, күнбағыс дәндерін дайындаңыз, олар қолыңыздың астында болуы керек.
4-ден Бірінші 3 күнде күнделікті минерал су мен шырындарды екі есе артық ішіңіз, сондай-ақ кофе, шәй және алкогольден бас тартыңыз.
5-ден Темекі шегуді тастайтын күні барлық шылымдарды лақтыру және темекіге байланысты заттарды: оттықты, күлсалғышты және т.б. жасыру қажет.
6-ден Салмақ қоспау үшін көкеністерді, жемістерді көбірек, тәттіні аз жеңіз.
7-ден Темекі шегушілерден және темекі шегетін орындардан аулақ болыңыз.
8-ден Темекі шегуді тастау туралы тілегіңіз жайында өзіңізбен таласпаңыз. Бұрынғы өмір салтына оралу Сіз үшін қаншалықты жиренішті екенін ойлаңыз.
9-ден Егер Сіз темекіні қайтадан шеге бастасаңыз, есіңізде болсын: темекіні толығымен тастау үшін, мүмкін, бір емес, екі, үш, тіпті бес талпыныс қажет шығар. Ең бастысы- Сіздің тілегіңіз бен табандылығыңыз болуы қажет!

Темекі шегуді бүгіннен бастап тастаудың 10 себебі айта кетсек:

  • Сіз ақшаны үнемдейсіз
  • Темекі шегу үшін үзілістерге шықпау себебінен, жұмыста Сіз көп іс тындырасыз.
  • Сіздің машинаңыз, киімдеріңіз, шашыңыз, маңайыңыздағы барлық заттар хош иістенеді.
  • Егер күтпеген жерде біреуді сүйсеңіз, Сіздің тынысыңыз таза болады.
  • Саусақтарыңыздағы сары дақтар туралы Сіз ұмытасыз.
  • Заттарыңыз бен жиһазды күйдірген дақтар енді болмайды.
  • Таңертең Сіздің аузыңыздан жағымсыз иіс шықпайды.
  • Сіз өз денсаулығыңызды жақсартасыз.
  • Сіз дәрігерге сирек қараласыз және емделуге шығындарды азайтасыз..
  •  Өзіңіздің отбасыңыз және достарыңыз үшін Сізге темекіні тастау керек…..

Егер Сіз темекі шегуді тастасаңыз онда денсаулықтың жақарғаның байқайсыз олар :

  • 20 минуттан соң қан қысымы мен тамыр соғуы қалыпқа түседі.
  • 8 сағаттан соң қандағы никотин және тұңшықтырғыш газ деңгейі жартылай төмеңдейді, оттегі деңгейі қалыпқа келеді.
  • 24 сағаттан соң тұншықтырғыш газ организмнен толығымен шығарылады. Жедел миокард инфарктісінің қауіп- қатері едәуір төмендейді.
  • 48 сағаттан кейін организмде никотин қалмайды, иіс сезіну қабілеті жақсарады.
  • 72 сағаттан кейін адамның көңіл-күйі жақсарады.
  • 2-12 аптадан кейін қан айналымы жақсарады.
  • 3-9 айдан кейін өкпенің қызметтік қоры 30- ға өседі.
  • 1 жылдан кейін миокард инфарктісінің қауіп- қатері 50 төмендейді.
  • 5 жылдан кейін өкпе, ауыз қуысының, көмей және өңеш қатерлі ісігімен ауыру қауіп- қатері 2 есеге азаяды.
  • 10 жылдан кейін миокард инфарктісінің қауіп- қатері ешқашан темекі шекпеген адамның қауіп- қатерімен теңеседі.
  • 15 жылдан кейін  өкпе қатерлі ісігінің  қауіп- қатері ешқашан темекі шекпеген адамның қауіп- қатерімен теңеседі.!

Ендігі қорытынды шешіміңіз өзінізде болсын! Біз сіздерге өзіміздің мәліметтерімізді бердік. Сіз дұрыс шешім қабылдайсыз деп сеңеміз.


Жарияланды: 23.12.202108:43

Автор: