Медициналық техника сатып алу шарты №

Балқаш қ.                                           «    » қантар 2017 жыл.

Бұдан әрі Қарағанды облысының денсаулық сақтау баскармасы «Балқаш қ.орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны атынан Жарғы негізінде әрекет етуші тұлға – директоры А.Т. Махмутов__бір жақтан және екінші жақтан бұдан әрі «Жабдықтаушы» болып аталатын «              » ЖШС атынан Жарғы негізінде әрекет етуші тұлғасы – директоры            көлемде тегін медициналық көмек көрсету бойынша дәрі-дәрмектерді, алдын алу (иммунобиологиялық, диагностикалық, зарарсыздандыру) препараттарын, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу Ережелері және баға ұсынымдарын талап ету әдісімен өткізілген сатып алу нәтижелерінің хаттамалары негізінде сатып алу жөнінде осы Шарт жасасып, төменде көрсетілген келісімдерге келді :

1. Жабдықтаушы Шарт талаптарына сай, қосымшасында айқындалған саны мен сапасына сәйкес тауарды жеткізіп беруге, ал Тапсырыс беруші қабылдап алуға және Шарт талаптарына сәйкес төлем жасауға міндеттенеді.
2. Тауардың жалпы құны  __________, бұдан әрі – шарттың жалпы сомасы.
3. Бұл Шарттағы тізбеленген ұғымдар төмендегі мағыналарға ие :
1) Шарт – Тапсырыс беруші мен Жабдықтаушы арасындағы кепілді көлемде тегін медициналық көмек көрсету бойынша дәрі-дәрмектерді, алдын алу (иммунобиологиялық, диагностикалық, зарарсыздандыру) препараттарын, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызмет көрсетулерді  сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу Ережелеріне сай және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жасалынған, жазбаша түрде бекітілген, барлық қосымшалары мен толықтыруларына екі тарап та қол қойған, сондай-ақ шартта сілтеме жасалынған барлық құжаттары қамтылған азаматтық-құқықтық келісім;
2) Шарт бағасы – Тапсырыс беруші Жабдықтаушыға Шарт талаптары шегінде өз міндеттемелерін толық орындаған жағдайда төлеуі тиіс құн (баға);
3) тауарлар – Жабдықтаушы Шарт талаптары шегінде Тапсырыс берушіге жеткізіп беруі тиіс тауарлар мен көрсетілетін қосалқы қызметтер;
4) қосалқы қызметтер – тауарды жеткізіп берудегі: тауарды тасымалдау мен сақтандыру, орнату, жұмысқа қосу, техникалық көмек көрсету; оқыту, тауардың өндірілуі жайындағы сертификатты, медициналық құрал-жабдықтың өлшеу жабдықтарының Мемлекеттік тізбесіне енгізілгені жайындағы, құрал-жабдықтың ҚР тіркелгенін растайтын құжаттарды ұсыну және де осы Шартта қарастырылған өзге де міндеттемелерді орындау.
5) Тапсырыс беруші – акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдар, сондай-ақ олардан жоғары тұрған заңды тұлғалар;
6) Жабдықтаушы –Тапсырыс берушімен жасалған сатып алу туралы  Шарт талаптарына сәйкес міндеттемелерін орындаушы және Шартта көрсетілген тауарларды жеткізіп беруді жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлға.
4. Төменде тізбесі берілген құжаттар мен ол құжаттардағы қамтылған мәселелер осы Шартты құрайды да, ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда:
1) осы шарт;
2) сатып алынатын тауарлар тізімі;
5. Төлем түрі – ақша аударымы.
6. Төлем уақытысы – қаржыландыру мерзіміне байланысты.
7. Төлем жасауға қажетті құжаттар
1) жабдықтаушы ұсынатын: өндіруші, ресми дистрибьютор немесе өндіруші өкілі екенін растайтын – шарт көшірмесі немесе өзге де құжаттар
:2) төлем қағазы, тауар құжаты
8. Осы шарт аясында жеткізілетін тауарлар техникалық сипаттамаларда көрсетілген стандарттарға сәйкес немесе одан да жоғары болуы тиіс.
9. Жабдықтаушы Тапсырыс берушінің жазбаша келісімінсіз Шарт мазмұнын немесе қандай да бір қағидасын, сондай-ақ техникалық құжаттарын, жоспарларын, сызбаларын, модельдерін, үлгілерін болмаса Тапсырыс беруші, я оның атынан әрекет етуші тұлға ұсынған ақпараттарды – тек Жабдықтаушы осы Шарт талаптарын орындау мақсатында шақырған тұлғаларды қоспағанда –  өзге біреуге жайып салуы тиіс емес.  Көрсетілген ақпарат тиісті тұлғаларға құпия түрде және де Шарт талаптарын орындауға қажетті көлемде ұсынылады.
10. Жабдықтаушы жоғарыда аталған құжаттарды немесе ақпараттарды – тек Шарт талаптарын орындау мақсатында болмаса –  Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз пайдалана алмайды.
11. Жабдықтаушы тауар орамын : тасымалдау кезінде жеткізудің соңғы пунктіне дейін тауарды бүлінуден, бұзылудан сақтайтын етіп қамтамасыз етуі тиіс. Тауар орамы қандай да бір шектеусіз : үдемелі тиеу-түсіру транспорттық қозғалыстарына, айрықша температура, тұздар мен жауын-шашын әсеріне – тасымалдау мен ашық сақтау кезінде төтеп беруі тиіс. Ораулы жәшіктердің көлемі және салмағын анықтауда жеткізу пунктінің ара қашықтығы мен тауардың жеткізілу сапарындағы қуатты жүк көтергіштерді есепке алу қажет.
12. Жәшіктердің оралуы мен маркерленуі, сондай-ақ орама ішіндегі және сыртындағы құжаттар Тапсырыс беруші көрсеткен арнайы талаптарға қатаң түрде сай болуы тиіс.
13. Жабдықтаушы тауарды жеткізіп беруді сатып алынатын тауарлар тібесінде Тапсырыс берушімен келісілген талаптарға сәйкес жүзеге асырады.
14. Жабдықтаушы тауарды қажет пунктіне дейін жеткізіп беруі тиіс. Тауарды қажет пунктіне дейін жеткізу шығындардын Жабдықтаушы өтейді де, бұл қызметтерге байланысты шығындар Шарттың жалпы сомасына қосылады.
15. Қосалқы қызметтер бағасы Шарттың жалпы сомасына қосылуы тиіс.
16. Жабдықтаушы – Шартта басқаша көзделмесе – Шарт талаптары шегінде жеткізілген тауарлардың жаңа екендігіне, бұрын пайдалануда болмағанына, ең жаңа немесе материалдар мен құрастырмалардың соңғы модификацияларын көрсететін біртекті (сериялы) модельдер екендігіне кепілдік береді. Жабдықтаушы, бұдан әрі, осы Шарт шегінде жеткізілген тауарлардың Тапсырыс беруші ел үшін қалыпты болып саналатын жағдайларда дұрыс пайдалану барысында құрастырылуына, материалдары мен жұмыстарына байланысты ақаулардың орын алмауына да кепілді болады. Жабдықтаушы Тапсырыс беруші ұсынған техникалық сипаттамаларға сай қатаң түрде әзірлеген болса – ал ол құрастырмаларда, материалдарда ақаулардың пайда болуында – Жабдықтаушы Тапсырыс берушінің мұндай техникалық сипаттамалардағы қателіктері үшін жауапты емес.
17. Бұл кепілдіктер медициналық бұйымның пайдалануға берілген сәтінен бастап 12 ай ағымында жарамды.
18. Бұл кепілдіктерге байланысты талаптар бойынша Тапсырыс беруші Жабдықтаушыны жедел түрде ақпараттандыруға міндетті.
19. Мұндай хабарлама алысымен Жабдықтаушы 1 ай мерзім ішінде неғұрлым жылдамырақ : жөндеу жұмыстарын жүргізуді, немесе, жарамсыз тауарды, не оның бөлігін алмастыруды Тапсырыс беруші тарапынан болатын ешқандай шығынсыз атқаруы тиіс.
20. Егер, Жабдықтаушы хабарламаны алып, 1 ай ағымында ақау(лар)ды жөнге келтірмесе, Тапсырыс беруші Шарт талаптары бойынша өз құқығы шегінде, Жабдықтаушының есебінен, оның өзге қандай да бір құқықтарына нұсқан келтірмей, ақауларды жөндеу немесе жою бойынша санкцияларды қолдануы мүмкін.
21. Жабдықтаушы жеткізген тауарлар үшін төлем жасау осы шарттың 5-6 тармағында көрсетілген нысандар мен мерзімдер бойынша жасалады.
22. Егер, кез келген өзгеріс, Жабдықтаушы Шарт бойынша жеткізіп беруі қажетті тауарлардың қандай да бір бөлігі бойынша баға құнының төмендеуіне әкелетін болса, ол жағдайда шарттың жалпы бағасы мен жеткіу кестесіне, немесе ол екеуіне де тиісті түзетулер енгізіледі. Жабдықтаушы тарапынан бұл баптар шегіндегі өзгерістер енгізу мәселелері Тапсырыс берушіден өзгерту жайында өкім алған күннен бастап 30 күн ағымында тапсырылуы қажет.
23. Жабдықтаушы Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауды басқа біреуге не жартылай, не толық түрде орындауды тапсыруы мүмкін емес.
24. Жабдықтаушы тарапынан  тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету баға кестесінде көрсетілген мерзімдерге сай болуы тиіс.
25. Егер, Шарт бойынша міндеттемелерді орындау барысында Жабдықтаушы кез келген уақыттағы тауарларды дер кезінде жеткізуге кедергі келтірген жайлар жөнінде Тапсырыс берушіге тез арада кешігу факторы, кешігудің шамалы ұзақтылығы мен себептері жайында жазбаша түрде хабарлама жолдауы тиіс. Тапсырыс беруші Жабдықтаушыдан  хабарлама алғаннан кейін, жағдайды бағамдап, өз қарауымен шарттың орындалу мерзімін ұзартуы мүмкін, бұл жағдайда шарт мәтініне өзгерістер енгізе отыра ратификациялануы (жоғары органмен бекітілуі) тиіс.
26. Адам ырқынан тыс жағдайлардан басқа кездері, Жабдықтаушы Шарт талаптарына сәйкес қарастырылған мерзімде тауарларды жеткізіп бере алмаса, Тапсырыс беруші өзінің өзге құқықтарына залал келтірмей, әрбір кешіктірілген күн үшін,  жеткізілмеген немесе кешіктіріп жеткізілген тауар құнының  0,1 %  көлемінде тұрақсыздық айыппұлын  шарт бағасынан шегереді.
27. Осы Шарттың мақсаттары үшін адам ырқынан тыс жағдай (форс-мажор) – Жабдықтаушы тарапынан бақылауға көнбейтін, оның ұқыпсыздығы мен есептік қателіктеріне байланысты емес және күтпеген, тосын жайлар. Мұндай жағдайларға қосылуы мүмкін және мынадай жайлармен шектелмейтін : соғыс қимылдары, табиғи және төтенше зілзалалар, індет шарпу, тауар тасымалдауға карантин немесе шет ел тауарларын әкелуге немесе әкетуге тиым салыну (эмбарго).
28. Адам ырқынан тыс жағдайлардың пайда болуында Жабдықтаушы шұғыл түрде Тапсырыс берушіге  осындай жағдайлардың пайда болуы мен себептері жайында жазбаша хабарлама жолдайды. Егер Тапсырыс берушіден өзгедей жазбаша  нұсқаулықтар келіп түспесе Жабдықтаушы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауды тиімділігінше жалғастыра отыра, адам ырқынан тыс жағдайларға байланысты емес Шарт талаптарын орындау әдістерін қарастырады.
29. Тапсырыс беруші Жабдықтаушымен арадағы Шартты: ол банкротқа ұшыраса, немесе төлем жасауға қабілетсіз болса кез келген уақытта тиісті жазбаша хабарлама жасап, тоқтата алады. Бұл жағдайда Шарт сол сәтте тоқтатылып, Шарт талаптарының бұзылуы Тапсырыс берушіге залал келтірмесе, әрекет етуде  қандай да бір құқына зиян келтірмесе, немесе алдағы кездері Тапсырыс беруші тарапқа қолданылатын санкциялар мен  жасалынатын іс-әрекеттер үшін Жабдықтаушы тарабына ешқандай да қаржылық міндетті болмайды.
30. Тапсырыс беруші Шарт талабының алдағы уақытта орындалуының тиімсіздігіне байланысты, Жабдықтаушыға тиісті жазбаша хабарлама жолдай отыра, оны кез келген уақытта тоқтата алады. Хабарламада Шартты тоқтату себебі, Шарт талаптарының жойылған көлемі, сондай-ақ Шарт талаптарының тоқтатылу мерзімі көрсетілуі тиіс.
31 Осы себептерге байланысты Шарттың күші жойылғанда –  Жабдықтаушы Шарт тоқтатылған күнге ғана жасалынған шығындар үшін ақы талап етуге құқылы. Тапсырыс беруші мен Жабдықтаушы Шарт талаптары және оған байланысты келіспеушіліктер мен шиеленісті мәселелерді өзара шешуде бар күш – жігерін тікелей келіссөздер жүргізуге жұмсаулары тиіс.
32. Егер, осындай келіссөздердің басталуынан 21 (жиырма бір) күн мерзім ішінде Тапсырыс беруші мен Жабдықтаушы Шарт бойынша келісімге келе алмаса, тараптардың қай жағы да мәселенің Қазақстан Республикасы заңнамалықтарына сай шешілуін талап етуге құқылы.
33. Шарт мемелекеттік және/немесе ресми тілде құрастырылады. Егер, тараптың екінші жағы шетелдік ұйым болған жағдайда, шарттың екінші данасы Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңына сәйкес сол елдің тіліне аударылуы мүмкін. Шарттың төрелік сотта қаралуы қажеттілігінде – мәтіннің мемлекеттік тілдегі немесе орыс тіліндегі нұсқасы қаралады. Шартқа байланысты хат алмасулар мен өзге де құжаттар осы талаптарға сай болуы қажет.
34. Бір тарап екінші тарапқа Шарт талаптарына сәйкес жолдайтын кез келген хабарлама соңынан түпнұсқасы ұсынылатын : хат, телеграмма, телекс немесе факс түрінде болады.
35. Хабарламаның күшіне енуі – хабарлама жеткізілгеннен кейін, немесе, хабарламада мерзімі көрсетілген жағдайда – сол мерзімдердің қайсысы кейінірек болса, соған байланысты болады.
36. Салықтар және бюджетке төленуі тиіс міндетті өзге де төлемдер Қазақстан Республикасының Салық туралы заңнамаларына сәйкес жүргізіледі.
37. Бұл Шарт қол қойылған күннен бастап күшіне енеді де, 2017 жылдың 12.31-не дейін әрекет етеді.
38. Тауарды жеткізу мерзімі –  31.12.2017 ж.

Тараптардың мекенжайы мен деректері :

 

«» :

«Балқаш қ.орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
Балқаш қ., Аурухана қалашығы, ұй. жоқ

БСН 990140002192
БСК KZKOKZKX
KZ22 9261 2021 5422 9001
АО “КАЗКОММЕРЦБАНК”

 

Директор___________
                        Махмутов А.Т.


Жарияланды: 15.12.202108:32

Автор: